Сәйкестендіру нөмірі [коды]

lat: Sáıkestendirý nómiri [kody]

қ а р ж ы- э к о н. Қандай да бір қаржы, экономикалық қатынастарға қатысушы тұлғаларды тіркеудің, олар туралы мәліметтерді анықтаудың ұлттық тізілімдемедегі нөмірі. Жеке с ә й к е с т е н д і р у н ө м і р і - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір («Егемен Қазақстан»). Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сөйкестендіру нөмірін қалыптастырудың негізінде с ә й к е с т е н д і р у н ө м і р л е р і н і ң ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің мақсаттарын, міндеттерін, принциптері мен құқықтық негіздерін айқындайды («Егемен Қазақстан»).