а) ө н е р. <ағыл. decorative art, франц. art decorative, нем. Decorative Kunst> Өмірдің барлық салаларына көркемдік ұйымдастыру енгізетін, ғимараттарды безендіру және т.б. сәулет өнеріндегі жұмыстармен байланысты монументтік-сәндік өнерге де қатысты практикалық мақсаттарға қызмет ететін өнер түрлерінің жиынтық атауы. Сәулет және с ә н ө н е р і н і ң ескерткіштері - Тараздағы Айша бибі және Қарахан мазарлары салынды (Қазақст. тарихы). Қолөнері мен с ә н ө н е р і н і ң ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды (ҚҰЭ). ә) Киімге қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде үстем талғамдарды қалыптастыру, осы талғамға сәйкес киім үлгілерін дайындау өнері, шеберлігі. Сондай-ақ, киізден тігілген сырт киімдер де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы - қазақтың қолөнерінен шыққан дүниелер. Сондықтан Еуропа емес, Қазақстандық с ә н ө н е р і әлемді аузына қарата алады («Дала мен қала»). Өзіміздің жерімізде халқымыз сәнді киінеді. Олар с ә н ө н е р і туралы көп нәрседен хабардар («Дала мен қала»). Себебі эстрада - с ә н ө н е р і сияқты өзгермелі құбылыс, әрбір жаңа науқанда басқаша киім үлгісін ұсынып отырады дегендей. Ал дәстүрлі өнер - мәңгілік («Айқын»).