ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптарымен қатар, өзіне тән нормаларды сақтауы болып табылады. Р.Сыздықтың пікірінше, бұл нормаларға сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібі жатады. Сөйлеу мәдениеті кез-келген мамандық иелерінің, әсіресе кәсіпкерлердің, заңгерлердің, дикторлардың, журналистердің, саясатшылардың кәсіби деңгейінің ең маңызды көрсеткіші. Сөз мәдениеті, сөйлеу шеберлігі тілдік, сөйлеу қатынастары үрдісінде маңызды рөл атқарады. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасаттылық өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. Сөйлеу мәдениеті ауызша және жазба әдеби тілдің қалыптарын (сөздерді дыбыстап айту, екпін, сөз қолдану, грамматика, стилистика ережелерін) меңгеру және тілдің мәнерлеу құралдарын қатынастың әртүрлі жағдайларында олардың мақсаттары мен жағдаяттарына сәйкес қолдану біліктілігі. Сөз сөйлеу мәдениеті деп - біз сөздерді сөйлеудің дұрыстығын, қатынастық лайықтылығын, дәлдігін, ойға қонымдылығын, анықтығы мен түсініктілігін, тазалығын, мәнерлілігін, әртүрлілігін, естілуге жағымдылығы мен орындылығын айтамыз.