Сөйлесу, әңгімелесу, тілдесу, жауаптасу, мәслихаттасу, сұхбаттасу, лебіздесу

lat: Sóılesý, áńgimelesý, tildesý, jaýaptasý, máslıhattasý, suhbatgasý, lebizdesý.

Отырыс жасап, өзара пікір алысу, ой бөлісу. Ендігі жайды басты бір адаммен сөйлесіп шешу керек (М. Әуезов). Сол шығасыға душар болған лейтенант жұмсақ вагонда келе жатып, жолаушы Боранбаевпен әңгімелесіп отыр (Т. Әлімкүлов). Хакім қалайда қызбен жолығып, тілдесіп, неге ренжігенін өз аузынан білгісі келді (X. Есенжанов). Осы аз кұн ішінде аязбен менің жауаптасуым мүмкін (М. Әуезов). Матшылармен мәслихаттасуда Байжан өз есебін де ұмытпайды (С. Мұқанов). Сізбен бір сырласып, сұхбаттасудың еш жөнін таба алмай-ақ қойдым (И. Жақанов). Бану Жақыпбекпен лебіздесуді соңғы күндері өте ұнатып тұратын болған (М. Иманжанов).