Сөйлесу, әңгімелесу, тілдесу, жауаптасу, мәслихаттасу, сүхбаттасу, лебіздесу

lat: Sóılesý, áńgimelesý, tildesý, jaýaptasý, móslıhattasý, súh- batgasý, lebizdesý.

Отырыс жасап, өзара пікір алысу, ой бөлісу. Ен- дігі жайды басты бір адаммен сөйлесіп шешу керек (М. Әуезов). Сол шығасыға душар болған лейтенант жұмсак вагонда келе жатып, жолаушы Боранбаевпен әңгімелесіп отыр (Т. Әлімкүлов). Хакім ка- лайда қызбен жолығып, тілдесіп, неге ренжігенін өз аузынан білгісі келді (X. Есенжанов). Осы аз кұн ішінде оязбен менің жауаптасуым мүмкін (М. Әуезов). Матшылармен мәслихаттасуда Байжан өз есебін де ұмытпайды (С. Мұқанов). Сізбен бір сырласып, сұхбаттасудың еш жөнін таба алмай-ақ қойдым (И. Жақанов). Бану Жақыпбекпен ле- біздесуді соңғы күндері өте ұнатып тұратын болған (М. Иманжанов).