басқа адамдармен сөйлескенде белгілі бір тілдің көмегімен оларға ойды білдіріп және жеткізетін адам қызметі. Сөз -тілді пайдалану процесі. Сөздік карым-қатынас арқасында адам санасындағы дүниенің бейнесі қоғамдық сананың әсері арқылы үнемі толығып байиды, адамзаттың бүкіл қоғамдық-өндірістік ісінің жетістіктерімен байланыстырылады. Әңгімелеусе кезінде әрдайым ойлар алмасып отырады; бір жағынан басқалардың ойларын түсіну және игеру, екіншіден — өз ойынды тұжырымдап айтып жеткізесің. Осыған орай пассивті сөз (сенсорлық)—басқалардың сөзін тыңдау және түсіну және активті сөз (моторлық) - өз ойыңды, сезімінді және тілегіңді білдіру болып ажыратылады. Сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы айырмашылық сөздің ішкі құрылымында психологиялық тұрғыдан бір тұтастыққа жинақталынады: адам сөйлеп тұрып, тыңдайды, әрі түсінеді және есіте тұрып түсінеді, әрі сөйлейді. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, бұл сөз қозғаушы және есіту анализаторы жұмысының бірлігін, олардың, өзара байланысын білдіреді. Сөздің негізгі түрлері: ауызша, яғни айтылатын және естілетін әрі жазбаша. Жазбаша сөз адамзат тарихында ауызшадан көп кейін қалыптасты, өзінің дамуында пиктографиядан (ойды таңбалы жүйелік суреттермен жеткізу) бастап, қазіргі дыбыстық жазуға дейін бірннше кезендерді өткерді. Сөздің ерекше түрін сөздік дыбыстарды берудегі сөйлесу мүшелерімен сипатталатын ішкі сөз құрайды. Сөз тіл білімін, психолингвистиканы, психологияны зерттейді. Олар тілді меңгеру процесін, адамның жеке дамуы барысында сөзді қалыптастыруды, оның әсерін, оны қабылдау мен түсіну және айту шарттарын қарастырады.