Сөз мәдениеті

lat: Sóz mádenıeti

л и н г в. Әдеби тілдің жазбаша, ауызша түрлеріне тән нормаларды (дыбыстау, сөз жұмсау, грамматикалық т.б.) игеру, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдерді айтылмақ ойдың, сөздің мақсаты мен мазмұнына лайық дәл, бедерлі қолдана білу. С ө з м ә д е н и е т і ұғымы, біріншіден, сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы), екіншіден, сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады (Қаз. тілі энцикл.). Қазақ тілінің с ө з м ә д е н и е т і н зерттеуде алда тұрған ең басты міндет осы саладағы жұмысты ғылыми негізде жүргізуді қолға алу (Р.Сыздық, Ғылыми таным.).