Сүйектің үстіңгі қабығы

lat: Súıektiń ústińgi qabyǵy

Адам мен жануарларда екі қабатты. Сыртқы қабатында немесе адвентициясында қан тамырлары орналасады, олардың тармақтары нерв талшықтары арқылы сүйекке кіреді. Ішкі қабатында коллаген талшықтарынан басқа ұзынша орналасқан эластин талшықтары мен сүйек ұлпасының клеткасы остеобластар орналасады. Сүйектің үстіңгі қабаты сүйекті қоршап жатқан басқа ұлпалармен бірігіп оның өсуін, регенерациясын қамтамасыз етеді.