Біреудің іс-әрекетіне, қылығына көңілі толып ризалық білдіру, мейірлену. Қыздың құрбысына сүйінуі сирек қой, оларда қызғаныш басым болады (М. Сүндетов). Сүйсіне алмадым, сүймедім, сүйегім жасып, сор қалың (Абай). Ол өмірдің дәмдісіне тұшынып, ащысына ашырқанып, бәрін дебасынан кешірді (С. Алдабергенов). Асқан сұлулық тек қана ләззаттандырып қана қоймайды, ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады («Семья тәрбиесі»). Бұқтырма өзенінің көкорай шалғынын қыз шашындай сипап рақаттандым (Ә. Нұршайықов),