Сүйіну, сүйсіну, тұшыну, ләззаттану, рақаттану

lat: Súıiný, súısiný, tushyný, lázzattaný, raqattaný

. Біреудің іс- әрекетіне, қылығына көңілі толып ризалық білдіру, мейірлену. Қыз- дың құрбысына сүйінуі сирек қой, оларда қызғаныш басым болады. Сүндетов). Сүйсіне алмадым, сүймедім, сүйегім жасып, сор қалың (Абай). Ол өмірдің дәмдісіне тұшынып, ащысына ашырқанып, бәрін дебасынан кешірді. Алдабергенов). Асқан сұлулық тек қана ләззат- тандырып қана қоймайды, ол адамның адамгершілік қасиетін артты- рады («Семья тәрбиесі»). Бұқтырма өзенінің көкорай шалғынын қыз шашындай сипап рақаттандым. Нұршайықов),