[лат. sulphur] з а т. х и м. Жемістерді, көкөністерді және олардың жартылай фабрикаттарын консервілеу мақсатында күкіртті ангидридпен, күкірт қышқылымен, сондай-ақ натрий бисульфитімен өңдеу процесі. С у л ь ф и т а ц и я қант дайындауда, консервілеуде және тамақ өнеркәсібінің басқа да бірқатар салаларында қолданылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).