Суғару

lat: Sýǵarý

(Шымк.: Сайр., Мақт., Түлк.; Жамб.: Шу, Св., Мер., Тал.; Алм.: Кег., Нар., Шел.; Кокш., Қ.ту; Сем., Абай; Гур., Есб.; Шығ. Қаз., Күрш.; Қарақ.; Түрікм., Таш.) суару .      1. Әлімбай, сен қызылшаны суғардың ба? (Шымк., Түлк.).

2. Қойларды суғару үшін тек жеті қырдың астындағы құдыққа апаруымыз керек еді (Түрікм., Таш.).

3. Аудан бойынша орта есеппен дәнді егіс суғару планын 103 процент орындады («К-з жолы», 25.05.1941, №44).

4. Мақта суғаруды тек қана түнде боразда арқылы жүргіземін («Соң. ең.», 1945, №6).

5. Бидайың жерін суғарып болды («Лен. туы», №24).

6. Атым суғарам , су әкелем, шай қайнатам, тезек терем, түнге қарай арбаның үстінде отырып, күзетіп шығам (Б. Майл., Шығ., V, 92). [Ертедегі түркі жазба ескеркіштерінде: сувгар суару (ДТС, 515); Синьцзян ұйг. сувар суару (С. Мал., УНС, 152); өзб. сугормоқ (Узб.-рус. сл„ 1959); алт. сугар (Н. Бас„ ДК, 248)].