з а ң. Адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. С у б ъ е к т и в т і к қ ұ қ ы қ т ы ң бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады. С у б ъ е к т и в т і к қ ұ қ ы қ абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді (ҚҰЭ). Азаматтың немесе ұйымның өз мүдделерін қанағаттандыруға байланысты нақты мақсаттарға жетуді діттеген ықтимал мінез-құлқының заңдастырылған шарасы. Құқыққа қабілеттілік, яғни құқық иеленуге жалпы (абстрактілі) қабілеті – с у б ъ е к т и в т і к қ ұ қ ы қ т ы ң алғышарты саналады (Заң термин. сөздігі).