Субьект және обьект

lat: Sýbekt jáne obekt

(лат. sybietum тиесілі және obiectum зат)философиялық категориялар. «Субьект» ұғымы бастапқыда (мысалы, Аристотельде) қасиеті бар нәрсені, күйді және іс-әрекетті білдірді және бұл тұрғыда субстанция ұғымына балайды. 17 ғасырдан «Субьект" ұғымы, соған қатысты «Субьект» ұғымында ең алдымен гносеологиялық мағынада қолданыла бастады. Қазір белсенді іс-қимыл жасайтын және танып білуге қабілетті, санасы мен еркі бар индивид немесе әлеуметтік топ субьект делінеді. Объект субьектнің танымдық және өзге қызметіне бағытталған нәрсе. Философияның негізгі мәселесімен байланысты. Субьект және объект қатынастарының проблемасын материализм мен идеализм түрліше шешті. Жаңа заман материализм объектісі субьектден тәуелсіз өмір сүреді деп қарастырды және оны объективті дүние деп, ал тар мағынасында таным заты деп көрсетті. Бұл орайда субьект сырттан жасалатын әсерді тек қабылдайтын және оларды өз «табиғатынан туындайтын әдіспен өңдейтін» енжар бір нәрсе ретінде көрінеді. Субьект ерекшеліктері өзінің табиғи тегі арқылы белгілеп оқшау индивид деп түсінілді, өйткені нақты қызметінің; субьект бслсенділігінің шынайы негіздерінің заңдылықтары әлі ашылмаған еді. Идеалистер субьект мен объектінің өзара ықпалын, объектінің өмір сүруінің өзін құдай, идея және т. б. түрінде көрінетін субъектінің қызметінен шығарды, соның негізінде танымда субьект белсенді роль атқаратынын түсіндіруге тырысты. Субъективтік идеализмге бұл орайда субьектіні индивидтің психикалық қызметінің бірлігі және объектінің өмір сүруін теріске шығару әрекеті деп түсіну тән, яғни соңғысы субъект күйінің жиынтығы ретінде ғана көрінеді: Объективтік идеализмнің, әсіресе Гегельдің субьект және объект жөніндегі практикалық ролі туралы, бұл қатынастың тарихқа, Субьектінің қоғамдық табиғатына байланысты екені туралы болжамдары бағалы. Диалектикалық материализм объектінің субъектіден тәуелсіз өмір сүретіндігін алады, сонымен бірге оларды бірлікте қарастырады. Объектінің субъектінің абстрактілі қарама-қарсы жағы емес, өйткені субъект объектіні белсенді түрде өзгертеді және де олардың өзара іс-қимылының негізі қоғамдық-тарихи практика болып табылады. Нақ сонда өмір шындығының түрліше жақтары мен қасиеттері объектіге айналады,оның субъектінің практикалық және теориялық қызметі болып өзгеруі санада объективті реалдылықтың мазмұнын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл жерде объективті реалдылықты, объектіні және таным затын ажырата білу керек. Субьектінің белсенділігі де осы тұрғыдан көрінуі мүмкін, ол сыртқы дүниенің өзгеру процесінде қалыптасады. Адам тек тарихта қоғамда ғана субьект болады, сондықтан ол бүкіл қабілеті мен мүмкіндігін практика қалыптастыратын қоғамдық мән болып табылады. Сондықтан марксиздіде субъектілік субьектінің объектіге қарама-қарсы ішкі (психикалық) күйі ретінде емес, қайта объект мазмұнын осы қызмет формаларында жаңғыртатын субьект қызметінен туындайтын нәрсе ретінде көрінеді. Субьект мен объект байланыстарында белсенді күш болғанымен, адам беталды әрекет жасамайды, ойткені субьект қызметіне объект белгілі бір дәрежеде шек қояды. Субьект қызметін үйлестіру үшін объект заңдылықтарын тану қажеттігі де осы негізде пайда болады, өйткені оның мақсаттары нақты дүние дамуының логикасына сәйкес қалыптасады, субьектнің қажеттері өндіріс дамуының деңгейінен объективті түрде байланысты. Демек объективті заңдылықтардың танылу барысында адам алдына сапалы мақсаттар қояды, соларға жету барысында объектіде, субъектнің өзі де өзгереді.