шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) көрсететін қаржылық қолдау, ол ақша қаражатын тікелей аудару арқылы артықшылықтан немесе осындай аударым жасау міндеттемесінен, салық, кеден немесе өзге де міндетті төлемдерден толық немесе ішінара босатудан, борышты жоюдан немесе осындай борышты төлеу үшін көмек көрсету мақсатында кредит беруден, нақты өнім берушімен ғана байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарлар мен қызмет көрсетуді қоспағанда, энергияны, материалдарды, компоненттерді, жартылай фабрикаттарды, қызмет көрсетуді жеңілдікпен немесе тегін беруден, тауарларды жеңілдікпен сатын алудан, үкіметтің мемлекеттік емес ұйымдарға жоғарыда келтірілген қолдау шараларының бірін немесе бірнешеуін жүзеге асыру туралы тапсырмасынан, егер қосымша табыс табуға қол жеткізетін болса, бағаға немесе табысқа қандай да болсын қолдау көрсетуден тұрады.