Субстанция

lat: Sýbstansıaá

(латынша substantia - мән) - ішкі бірлік тұрғысынан барлық формалармен оның өздігінен дамуының табиғат пен тарихтың барлық алуан түрлі құбылыстарының соның ішінде адаммен оның санасының объективті реалдылығы, сол себепті ғылыми танымының нақтының теориялық бейнеленуінің іргелі категориясы. Философиялық тарихында бастапқыда субстанцияны жан мен тән дуализмін алып келетін құдайдың ерекше бейнесі ретінде қарады. Соңғысы - діни және ғылыми ойлаудың үйлесімсіздігінің ерекше бір көрінсі. Субстанция мәселесін Декарт мейлінше өткір қойды. Материалистік философиялық жолында дуалимзді жеңуді Спиноза жүзеге асырды, ол ұзындық пен ойлауды біртұтас денелік субстанция атрибуттары деп санап, оны өзіне өзінің себебі ретінде қарастырды, Алайда, Спиноза, ның ішкі белсенділігн "дербестігін", негіздей алмады. Бұл міндетті немістің классикалық философиясы жүзеге асырды. Субстанцияны "барлық уақыттың құбылыстарды тек соны қатынасымен анықтауға болатын тұрақтылық деп түсінеді. Алайда, ол субстанцияны тәжірбиелік мәліметтерді жинақтайтын ойлаудың априорлық формасы деп жалаң түрде түсіндіреді. Гегель субстанцияны нәрселердің өзгеріп, ауысып отыратын жақтарының тұтастығы, "мұраттың даму процесіндегі елеулі саты", "қандай болса да одан әрі шын дамудың негізі" деп анықтайды. Сонымен бірге субстанцияны субьекті ретінде, яғни белсенді түрде өздігінен туып, өздігінен дамитын негіз ретінде де түсіну осыған байланысты. Соынмен бірге субстанцияны Гегель идеалистік тұрғыдан, абстаркциялық мұрат дамуының бір сәті ретінде ғана қарастырады. Маркстік философиялық бұл мұраттарды материализм тұрығыснан тсын көзбен қарайды. Мұнда субстанция материя және сонымен бірге өзінің барлық өзгерістерінің субъектісі, яғни өзінің барлық төл формалық құрылымдарының белсенді себебі ретінде түсіндіріледі, сондықтан ол өзінен ерекше, айрықша субъектінің сырттан енгізілетін қызметін қажетсінбейді. Ұғымында материя санаға қарама-қайшылық аспектісінде емес, оның қозғалысының барлық формаларының, барлық айырмашылықтары мен қарама-қарсылықтарының, оның ішінде болмыс пен сана қарама-қарсылықтарының ішкі бірлігі жағынан бейнеленген. Маркс "Капиталда" құнға талдау жасай отырып, алдымен оның байқалуының барлық жеке формаларына тәуелсіз  туралы мәселе қояды. Осыған байланысты өнімнің кез келген товарлы формасы "айырбас құнының" және оның барлық дамыған формаларының субстанциясын құрайтын адам еңбегінің әртүрлілігімен жұрдай жай қойыртпақ" ретінде қаралады. Осының арқасында ғана қосымша құн мен капиталдың құпиясы ашылды, ал құн "өздігінен дамитын, өздігінен қозғалатын субстанция", "өздігінен әрекет ететін субъект" тұрғысында көрінеді. Бұл қайта ұғынуда субстанция материалистік монизмнің негізі және шарты ретінде көрінеді. Лениннің "себептің шын танымы дегеніміз - танымды құбылыстың сыртқы арасынан субстанцияға қарай тереңдету" деп есептеп, "материя танымын субстанция танымына дейінтереңдетуді" талап етуі сондықтан. Философияда позитивизм субстанцияға қарсы позицияға қорғайды, ол субстанцияны жалған және сондықтан ғылым үшін зиянды категория деп жариялады. Субстанция категориясынан бас тарту, "Субстанциялық" көзқарасты жоғалту, теорияны іріп-шіру жолына, байланыссыз эклектицизмге, бірігей емес көзқарас пен ережелерді жалаң біріктіруге әкелу, Маркстің айтуынша "ғылымның өзіне көр қазғандығы болып табылады"