с у ш а р. Арналар желісі және басқа да су техникалық, пайдалану құрылыстары бар суландыруды қамтамасыз ететін аумақ. Бұл аумақтан басқа с у л а н д ы р у ж ү й е с і н і ң құрамына суды суландыру көзінен (өзеннен, су қоймасынан, арнадан, ұңғырлардан, т.б.) алып шығатын және жүйені құм, топырақ басудан, қоқыстардан сақтайтын бас суалғылық түйін, топырақтағы су деңгейін төмендететін және су мен тұзды суландыру аймағынан алып кететін коллекторлы-кәріздік желі, су техникасы құрылыстары, суландырылатын жердің мелиоративтік күйін, жолдары бақылауға арналған пайдалану құрылғысы, орман алқаптары кіреді (ҚҰЭ).