СУСПЕНЗИЯ

lat: Sýspenzıa

[лат. suspensio] зат. техн. Қатты түйіршіктері біркелкі тараған, жұқа дисперсті сұйықтық.

Суспензияның дисперсиялылығы әдетте седименттік талдау әдістері арқылы немесе дисперсиялық ортаға енгізілген қосымшалардың адсорбция мөлшері тұрғысынан анықталады (Қаз. тілі термин. Геология).

Суспензия бөлшектерін микроскоппен ғана көруге болады (Қаз. тілі термин. Тамақ).

Кенді алдын ала байытуда немесе көмірді бос таужыныс минералдарынан бөлуде суспензия өте тиімді (Қаз. тілі термин. Кен.).