СІҢІРІЛУ

lat: SİŃİRİLÝ

Сіңіріл етістігінің қимыл атауы. Совхоздағы органикалық тыңайтқыш мол болып, ол тұқым себерден бұрын егіндікке с і ң і р і л у і қажет (С.Хайдаров, Жүрек.). Астық түсіміне жердің бапталу сапасы, тұқым себу нормасы, дәннің тиісті тереңдікке с і ң і р і л у і, ақырында егін орағының мерзімі де үлкен әсер етеді (С.Ғабдуллин, Өрлеу.).