ет. 1. Судың, тердің т.б. бір затқа (айталық, киімге) еніп, сорылып кетуі. Әке, сенің тастап кеткен мұраңды, Төрт немерең көрген шақта қуанды. Терің сіңген тақияға жармасып, Алма-кезек бірінен соң бірі алды (1,209). Аймалап Алатаудың шырқау басын, Түтінсіз тұнық ақша бұлты аунасын. Майданға емес, мейрамға жаратылған, Қаным сіңген Туыма су тамбасын! Тыныштықтың түтінсіз бұлты аунасын (2,214). 2. ауыс. Бір заттың екінші нәрсенің ішіне кіріп, қалыптасып, сіңісіп кетуі. Ән баяулап барды да, мамық қарға, ашық ауаға сіңіп, тыныстап қалды (4,194). Ауырлығы – бәріміздің де басымызда бар бақастық, Ұсақ, қанымызға сіңген қазақы бақтастық (4,308).