СІҢ

lat: SİŃ

ет.1. Бір затқа судың енуі, сорылуы.

Егіндік жерге су жақсы сіңді (Ауызекі).

2. ауыс. Кірігіп-бірігіп кету, етене болып араласу. Әрең деп азырақ естерін жинап, аттарына мініп, өзеннің қалың талдарына, қамыстарының араларына кіріп сіңіп кетті (С.Сейфуллин, ПІығ.).

Параходқа өзінің үйіндей үйреніп, біржола сіңіп кеткен жігіттер де аз болмайды (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).