е т. 1. Таңның бозарып атуы; жарық түсу. Таң с і б і р л е п оянатын, шөл құстарымен құм қойнында ұшыраспақпыз (М.Жұмабаев, Шығ.). Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. Қоңырау қағып оятады ақырып, Тым болмаса с і б і р л е п те атпай таң (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Сіркіреу, себезгілеу (жаңбыр). С і б і р л е п жауған жаңбыр, тамшы тиген сайын әнтек дірілдеп қалатын су-су жапырақ, өзеннің бірқалыпты сарылы, анда-санда шоқ атқылап сырт-сырт жанған от – бар-барлығы біздерді ертекті дүниеге бастағандай еді. Әншейінде алысып-жұлысып тыныш отырмайтын қазақтың қара домалақ ұлдары жым болған (О.Бөкеев, Ауыл хикая.).