СІЛЕКЕЙ

lat: SİLEKEI

з а т. Адамның немесе хайуанның ауыз қуысынан сілекей бездері арқылы бөлініп шығатын созылмалы, түссіз, иіссіз сұйықтық. Қуаты құрып; қаны қашып, аузы аңқиып, аузынан с і л е к е й ағып, Темірбай қадалып қарап жатыр: сегіз казак-орыс мылтығын оқталып, екеудің қарсы алдында қазатар тізілді (М.Жұмабаев,Шығ.). Мерез денедегі жарадан, ауру адамның с і л е к е й і н е н, қаннан жұғатынын білімпаздар, доқтырлар анықтаған (М.Дулатов, Шығ.). Ауылға жеткенше екеуінің әңгімесі әйел болды. Әйел деген жарықтық өмірі таусылмайтын, адамды жалықтырмайтын қызық әңгіме ғой. Әсіресе «Екі әуейі» әйелдің әңгімесіне жалыққан болар ма? Ауыздарынан с і л е к е й і, көздерінен жасы аққанша күлісіп мәз-мәйрам болды (Ж.Аймауытов, Шығ.).