СІЗ

lat: SİZ

е с і м. Сен есімдігінің сыпайы түрі. С і з г е надан қанша малын Берсе, босқа алмаңыз, Неге десең, ол өзіңдей Ақылы бар кісі емес (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Әзіреті Дәуіттің Отыз ұлын алғанда, Көңіліне қайғы-қасірет Құдіретімен салғанда, Сонда көрген Сүлейменді, С і з г е де бергей жаратқан Солардың сабыр, қуатын (Базар жырау, Шығ.). Түлкіге қара шекпен айтады арыз: Тыңдауға қаріп сезін, с і з г е парыз. Ашып айт білгеніңді әділдікпен, Жұмыс бар арамызда осы тәріз (О.Шораяқов, Шайыр).