есім. «Сен» есімдігінің сыпайы түрі. Ғабеке, Анда-санда сізді көрем, Сізді көрсем, жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең. Мейіріммен қарайтын Сізді көрем, Басқалар үміттерін үзді менен (3,59). Хан менен бектен, Молда мен шонжар, күштіден, Жүр ғой Сізді қиянат көріп ішті деп. Оянғын, баба, Отырайық бір кәйіп қып. Біздің шараптар Сіздің мәйлардан күштірек (2,134).