СИЯҚТЫ

lat: Sıaqty

ш ы л. Тәрізді, секілді. Ақ сұңқар құстан ақ кетпес, Он екі құйрық, қырық шалғы, Бәрі бірдей тең болса. Қиған қамыс құлақты, Қашқан бөкен с и я қ т ы, Талаулатқыр назбедеу Ол ерін жауға бере ме, Күнінде ширек жем болса (Базар жырау, Шығ.). Біріне күш, біріне көрік берді, Көрікке құмар етіп ерік берді, Атадан сол с и я қ т ы мирас қалды, Аяймын күшім жетсе енді немді (Шал ақын, Өлеңд.). Тосып алды ол ортасында алаңның, Тұғырында таңертеңгі балаң күн. Күн с и я қ т ы о да ұлы, о да жас, Қарсы алдынан шыға берер адамның (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).