з а т. 1. т а р. с о в е т. Кеңес Одағы коммунистік партия депутаттарының әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық мәселелерді қарайтын, талқылайтын, шешетін құрылтайы. 1981 жылы 4 февраль күні республикамыздың астанасы Алматыда Қазақстан Коммунистік партиясының XV с ъ е з і ашылды («Қаз. әдеб.»). 23 февральда Кремльдің Съездер сарайында Совет Одағы Коммунистік партиясының XXVI с ъ е з і салтанатты жағдайда өз жұмысын бастады («Лен. жас»). Жездем тіпті өзгермеген, баяғыша көрікті, Колхозшылар с ъ е з і н е делегат боп келіпті (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. а у ы с. Үлкен оқиға. Тыңдай қалдық, жайына ас қалыпты, Ұлы с ъ е з д сол күні басталыпты. – Сүйіншімді, кәнеки, беріңдер, – деп Қисық кекіл Петямыз мақтанып тұр (М.Мақатаев, Шығ.). 3. т а р. Сыÿз. Ел мен жердің жаулары, Бірінші болған с ъ е з д е н Тас атылып қуылды (О.Шипин, Дастан.). Кел деп тегіс шақырды, Бірінші болған с ъ е з г е, Торғай үйез қол астын (О.Шипин, Дастан.). Билердің алды – отызда, арты – он бесте, Би тұрды осы күні жас баладан. Шығады с ъ е з д болса қылтиысып, Әкелген жез құмандай Бесқаладан (Кердері Әбубәкір, Қазағым).