э к о н. Сатушы көлікті ұйымдастырып, апарылатын портқа дейін тауардың кірепұлын төлеуге, тауарды кеменің бортына жеткізуге, экспорттық лицензияны алып, баж төлеуге, тауарды тасымал кезінде сақтандыруға, сатып алушыға шотты, коносаментті және сақтандыру полисін табыстап, тасымал шартына енгізілсе, тауарды тиеу мен түсіру шығынын төлеуге міндетті болатын мәміле түрі (Қаз. тілі термин. Экономика.).