(гр. - synthesis - біріктіру, сәйкестендіру және апаlуsоs — ыдырату, бөлшектеу)- сөйлемдердің (айтылулардың) ақиқаттығын анықтаудың әртүрлі тәсілдерін білдіретін ұғымдар. Қарапайым тілде немесе ғылымның арнайы тілінде құрылған білімдердің кейбір логикалық жүйесінде реттелген сөйлемдердің барлығын екі текке бөлуге болады: ақиқаттылығы берілген жүйенің ережелері негізінде ғана тілдің тыс факторларға сүйенген-ақ анықталатындар және синтездік ақиқаттылығы тек берілген ережелердің негізінде ғана тағайындалмайтын, сондықтан эмпирикалық деректерге сүйене отырып анықталатындар. Философиялық тарихында Синтездік және анализдік мәселесі білімдердің эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратумен тығыз байланысты. Лейбницте бұл ажырату барлық ақиқаттарды қажетті (теориялық және көздейсоқ) деректі білім деп бөлуден көрініс табады. Кант анализдік пікірлерді тажірибеден тәуелсіз және Синтездікпен салыстырғанда предикатты субъектінің өзінде және оның өзімен тепе-тең пікірлер деп есептеді. Синтездік және анализдікті қатаң шектеу белгілі бір формалданған тілдің көлемінде ғана мәнге ие болады. Ол тілдің сөйлемдерінен логикалық ақиқаттар (сөйлемдер) және деректі ақиқаттар (Синтездік сөйлемдер) бөле қаралады. Логикалық ақиқаттар тілдің көлемінен тыс шындық туралы ешқандай да нақты дерек жеткізбейді және формальдық логикалық мазмұнын құрайды. Деректі ақиқаттар тәжірибеге негізделеді және нақты ғылымдардың мазмұнын (оның ішінде заңдарын) білдіреді. Анализдік сөйлемдерді тілдің конвенциялар (Конвенционализм) деп түсіндіретін неопозитивизмге кереғар келетін диалектикалық материализм кез-келген ғылымның барлық тұжырымы түптеп келгенде объективтік реалдылықтан туындайды деп есептейді. Сөйлемдерді Синтездік және анализдік деп бөлу олардың білім жүйесіндегі роліне байланысты.