lat: SAÝ
ет. 1. Сүт шығару үшін емшекті саумалап тарту.
Мал сауған қатындар, бие ағытқан қыз-келіншек, асырсалған балалармен ауыл іші базардай қай нап жатыр (Б.Майлин, Шығ.).
Аттарды отқа қоя беріп, биелерді сауып жүргенде, Ақан тағы да көл жағасына шапанын жамылып жалғыз кетті (С.Жүнісов, Ақан сері).
Емшектің ұшын баланың аузына салмас бұрын бір-екі тамшысын сауып тастаған дұрыс (Ж.Қодаров, Жас ана.).
2. ауыс. Кәсіп ету.
Адал еңбек сауған совхоз жұртшылығы жаз ортасынан аса берді (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Ал теңізді саусаң өзіңдей қайратты жігіт бір үйді қалай да асырайды (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).