САУАЛНАМА

lat: SAÝALNAMA

з а т. 1. ә л е у м. Ақпарат алу үшін белгілі бір әлеуметтік топ немесе ұжымға қойылатын алдын ала әзірленген сұрақтардың жиынтығы, кешені, сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауалпарақ. Сауалнаманың ашық (сауалданушының еркін жауабы), жабықерілген жауаптардың біреуін ғана таңдау) және аралас түрлері болады аз. тілі термин. Педагогика.). Қазақстандағы әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының көкек айында жүргізген сауалнамасы бойынша дауыс беру құқы бар қазақстандықтардың 50 проценттен астамы Парламент сайлауына қатысады («Түркістан»).

2. п с и х. Вербалдық қатынас негізінде бастапқы әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық ақпарат алуға арналған әдістемелік құрал. Сауалнама - әрқайсысы зерттеудің орталық міндетімен логикалық тұрғыдан байланысты сұрақтар жинағы аз. тілі термин. Педагогика.). Сауалнама құрастыру - зерттеудің негізгі болжамдарын сұрақтар тіліне көшіру - күрделі әрі көп еңбек жұмсалатын процесс аз. тілі термин. Педагогика.).