САУАЛНАМА

lat: SAÝALNAMA

1) алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауалпарақ. Сауалнама сауалданушыдан қажетті мәліметтер алу үшін, сондай-ақ үлкен әлеуметтік топтардың пікірін білу үшін жүргізіледі. Сауалнаманың ашық (сауалданушының еркін жауабы), жабық, (берілген жауаптардың біреуін ғана талдау) және аралас түрлері болады. Сауалнама психологиялық- педагогикалық зерттеулерде көп қолданылады; 2) вербалдық қатынас негізінде бастапқы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алуға арналған әдістемелік құрал. Сауалнама әрқайсысы зерттеудің орталық міңдетімен логикалық тұрғыдан байланысты сұрақтар жинағы. Сауалнама құрастыру зерттеудің негізгі болжамдарын сұрақтар тіліне көшіру күрделі әрі көп еңбек жұмсалатын процесс. Сауалнама сұралушыға қатысты шыншыл және проблемаға қатысты мәнді мазмұн алынуын қамтамасыз етуге тиіс. Ғылыми тұрғыдан бағалы Сауалнама құрастыру, әдетте, ұжымдық еңбек. Сауалнама жасаудағы бірінші кезең оның мазмұнын анықтау. Ол сұралушының өмірлік қарекетінің фактілері (білімі, азаматтық халі, өткендегі және қазіргі қарекеттері және т.б.) туралы немесе оның түрткі-себептері, бағамдауы, катынасы туралы сұрақтар тобы болуы мүмкін. Егер пікірдің өзіне қоса оның қарқындылығын білу қажет болса, сұрақтың тұжырымдалуына тиісінше бағамдау шкаласын қосады. Сауалнама құрастырудағы екінші кезең сұрақтардың қажет типін таңдау. Сұрақтар сұралушының өз жауабын мазмұны бойынша да, нысаны бойынша да өз қалауынша құра алатындай ашық, сондай-ак, әдетте, “жоқ” не “иә” деген жауап қана беруге болатындай жабық болуы мүмкін. Өзінің функциясы бойынша сұрақтар негізгі, жанама, бакылау не нақтылау және т.б. түрінде болады. Сұрақтың типі жауаптың толық және шыншыл болуын әсер етеді. Сұрақтардың тұжырымдалуына қатысты сөйлемдер мүмкіндігінше қысқа, мағынасы айқын, дәлме-дәл және бір мәңдес болуы керек.Сауалнама құрастыру кезіңдегі неғұрлым тән қателер жауаптың мәнінің сүрақтың өзінен туындайтыны, шамадан тыс егжей-тегжейлілік, сұрақтардың екіұштылығы, сарадаушылық қарымының жеткіліксіздігі болып келеді. Жақсы сұрақтар сенімділік пен валидтіліктің әдеттегі критерийлерін қанағаттандыруы тиіс. Сауалнама. құрастырудағы соңғы кезең берілетін сұрақтардың саны мен ретін анықтаумен байланысты. Сұрақтардың кезектемелілігі сауалнама жүргізудің әртүрлі типтері үшін әрқилы болады. Сауалнамаға жауап беруші (Респондент) зерттеу жүмысына сұрақтарға жауап беруші ретінде қатысушы адам. Зерттеу сипатына байланысты Сауалнамаға жауап беруші. әңгімелесуші, емделуші, келімші, ақпаратшы және т.б. болуы ықтимал.