lat: SAÝAT
(ар. сауад سواد)
1. Қара дақ.
2. Оқи алу, жаза білу.
3. Білімдарлық, ғалымдық, зиялылық.
Мәзікүр Алтынсарин ғылымды орысша-қазақша оқытатын бұрынғы Орынбордағы медреседе тахсил қылып өзінің зейінді, зеректігіменен орыстың білімділері (В.В.Григорьев), (Н.И.Ильминский) һәм ғайрыларының арқасыменен сауаты қатты ашылып, білімі артылып қазақтың һәм мемлекеттің пайдасына бір көрнекті кісі болып шығып еді (Дала уалаятының газеті. 1889).