САУДА

lat: SAÝDA

(пар. сауда سوداء) зат сату, зат сатып алу.

Саудамыз екеуіміздің біте алмады, Сұрайсың сен бөркімді арзанырақ («Қожа Баһауидин хазіретінің қиссасы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Бәріміз бұл саудаға разы болдық, Бәсіне жармақ алып, бір құл бердік («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).

Басына сауда түсу әуре-сарсаңға түсу.

Саудалар түсіп оның басына , Бараһиндан тиғ жүрер боран болар-мыш («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

Ғашықлық саудасы ғашықтық әуресі.

Тілеуберген баласы уфат болды, Ғашықлық саудасынан шеккен захмет («Гүлкәшимә». Дастандар, 1960).