САУДА

lat: SAÝDA

з а т. 1. Затты сату мен сатып алу әрекеті. Ардақ сауда қызметіне шатылмай мектепке, оған қосымша ескі жұмысшылардың ортасына түскеніне мейлінше риза (Ғ.Мүсірепов, Қарағанды). Нілдінің мысы мен Қарағандының көмірі осы жолмен барып, бүкіл дүниелік базарлардың саудасына түскен (С.Шаймерденов, Мезгіл). Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып молла болмай, соңғы уақыттарда оқытуды да қойып, азырақ саудаға айналысып еді (М.Дулатов, Шығ.). 2. э к о н. Тауарларды сатып алу-сату арқылы өткізетін ұлттық шаруашылық саласы. Сауда ішкі (көтерме сауда және бөлшек сауда) және сыртқы саудаға бөлінедіаз. тілі термин. Экономика). Сауда жеке адамның пайда алу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі шаруашылық қызметі (Қаз. тілі термин. Экономика). 3. э к о н. Қандай да бір тауарды өткізуге багытталган немесе өткізу жолына қарай ерекшеленетін бір арнасы. Жазушылар Одағы өз қызметін әдеби жыл қорытындысын шығарумен, мерейтойлар өткізумен ғана шектейтіндей. Оның әдебиетті насихаттау, кітап саудасын ұйымдастыру, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу, баспа ісіне араласу секілді қым-қуыт тірлігі мүлде көрінбей кетті. Бұл - ненің белгісі? («Парасат»). Теңіз саудасынан түсетін табыс пен өзі басқарған империяның байлығы арқасында ұдайы өркендеп отырған бұл ел XVI ғасырда кемеліне келіп, гүлдене түсті («Парасат»). 4. а у ы с. Базар, базарда сауда қызатын демалыс күн. Өткен саудада... тура бір дорба жұмыртқа қостым, осыған қара сабын әкеп бер деп (Ш.Мұртазаев, Қара маржан). 5. а у ы с. Өзара айтыс, тартыс, бәсекелескен жайт. Сауданы қояйық, қызым. Күндіз шахтада істесек, түнде мұнда істейміз, осы ғана менің ендігі айтарым (Ә.Әбішев, Жас түлек).