Халықаралық теңіз тәжірибесінен шыққан сату мәміле шарттарының стандарт түсінігі. 1953 жылы Халықаралық сауда палатасы сауда мәмілелеріне отырған кезде қолданылатын сауда терминдері (Inco-terms) түсінігінің халықаралық ережелерін жасады және жариялады. Онда сақтандыру, кемені жалға алу және жүктерді тасымалдаумен байланысты тиеу-түсіру жұмыстарына қатысты шығындарды бөлу бойынша сатушы мен тауарды сатып алушының міндеттері бекітіледі.