lat: SAÝSAQ /38/
зат. Қол басының алақанға жалғасқан салалы бес бөлігі.
Отыра ғой алдымда, қарақаным,
Мынау қолым, саусағың, алақаның.
Неге саған мына жұрт қарамайды?
Тойың өтіп жатқанда, балапаным (1,143).
Ол сол күні мұңайып, көп қарады,
Айтпақ болып бір нәрсе оқталады.
Сала-сала сүйріктей саусағымен,
Шашымды сипайды да тоқталады (1,145).