САУЫН

lat: SAÝYN

з а т. э т н. Үлкен ас, ұлы той сияқты үлкен жиындар туралы ел-елге жариялап хабар беруді білдіретін қазақтың салтының рәсіміауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өз үлесін, өз қатысын көрсетуге тиіс болған, сондықтан сауын кез келген адамға емес, жағдайы бар ауқаттыларға, беделді, белділерге айтылатын, ал олар сол жиынға өз үлестерін әкелетін]. Қорысбайдың «қырқын» беріп, келесі жылы болатын асқа сауын айтылды (С.Талжанов, Ұлдай.). Бұл ас туралы исі Байжігітке, көршілес Төртуыл мен Керейге, іргесіндегі тума-тоқпаққа осыдан үш ай бұрын сауын айтылған-ды (Қ.Жұмаділов, Тағдыр).