lat: SAÝYQ
ет. Ауруынан жазылу, сырқаттан, дерттен айығу.
Сауығып келем,
Жинап та келем есімді.
Сағынып қалдым,
Саламат өмір кешуді.
Тағат таппастан,
Тартамын алға көшімді,
Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді (3,150).
Сауығып қалар ма екен сарсаң жаным,
Сейілім бойымдағы бар салмағым.
Аулыңа анда-санда бір келгенде,
Алдымнан жар сал, жаным, қарсы ал, жаным (3,248).