САУЫҚ

lat: SAÝYQ

з а т. 1 . Ойын-тамаша жасап, көңіл көтеретін думанды жиын-той. Сауықтың арты «ұйқы ашарға», «аударысқа», «көкпарға» айналып, жұрт дырдууманмен қонар жерге келіп қалғанын да білмеді.Аймауытов, Шығ.). Сауықпен бар әлемді араласаң, Шалқыта бұлбұл құстай ән шырқасаң. Жиын-той, сәналтанат, думандарда Тұлпардай серпіле бір жорғаласаң (Ә.Найманбаев, Шығ.). Олардың Тәттімбет қасында жүріп, талай сауық, тойуманда болып, өнер сынасқандары тегін емес екен.Сатаев, Дала.). Ойнау керек, күлу керек, бірақ жас өмір жалғыз, жалаң ғана сауықпен кетпесін, арзанды алданыш етпесін.Байжанов, Жастық.). 2. Қызықты, көңіл көтеретін ойын. Бұл күні той жасалып, ат шаптырылады, балуан күрестіріледі және тағы да басқа сауықтар болады.Алтынсарин, Шығ.). 3. Сауық кеші. Бір күні жастардың бас қосқан сауығында Балқия тіпті өзгеріп кетті.Ахтанов, Қаһарлы күн.). 4. а у ы с. Думанды, көңілді уақыт, қызықты шақ. Бір дертке ұшырадым, бұл күнде мен, Қоштастым сауығыммен, күлкімменен. Жүрегім жерік болған жағдайы бар, Бір пәле жатыр білем бүлкілдеген.Мақатаев, Шығ.).