САУЫҚ

lat: SAÝYQ

е т. Ауру-сырқаттан, дерттен айығу, жазылу. - Апам сауығып келгенше осында болмайсың ба? - деді Дика (С.Жүнісов, Жапанда.). Қанның қоюлануын тежейтін кумарин заттары да жетерлік. Кімде-кім шиені мол жесе, атеросклероздан шапшаң сауығады, шие ол кеселдің алдын алады, болдырмайды («Парасат»). Бәкір аудан орталығында емханада екі-үш күн жатып, бойына сіңе қоймаған у-шудан арылып, бір жола сауығып шықты (О.Сөрсенбаев, Жиде.).