з а т. 1. э к о н. <лат. sanatio> Ірі кәсіпорындарды, банктерді банкроттан сақтау және қаржы жөнінен жеңілдіктер беру үшін мемлекеттің немесе аса ірі банктердің көмегімен жүзеге асырылатын шаралардың жүйесі. Сауықтыру шараларына мыналар жатады: мемлекеттің борышты есептен шығаруы, бюджеттен берілетін жәрдемқаражат, бюджетке төлемдердің мерзімін ұзарту, несие берудің жеңілдікті тәртібін белгілеу, пайдаланылмаған мүлікті сату т.б. (Қаз. тілі термин. Экономика).
2. э к о н. Балансты өзгерту, яғни пайданы бөлу есебі бекітілгеннен кейін пайда сомасын есепті жылға қатысты бөлікте есептен шығару.
3. <лат. recreatio> Күштерді қалпына келтіру, адамдардың демалуы, өзінің жұмыстан бос уақытын өткізуі. Көптеген елдерде сауықтыру қызметін көрсету - экономиканың ірі саласы (Қаз. тілі термин.Экономика).