САУЫҚТЫРУ

lat: SAÝYQTYRÝ

Сауықтыр етістігінің қимыл атауы. 1. Емдеп жазу. Көзге қиын операция жасағанша малдың көзін дәрілеп сауықтыру әрі оңай, әрі тиімді (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.). Баяндалған әңгіме желісінде емдеу, аурудан сауықтыру ісінің ерекше жолы, ақыл кемелдігі, қиял кереметі өте анық көрініс тапқан («Парасат»). Бала кішкене кезінде қандай аурумен сырқаттанса да дер кезінде емдетіп, толық сауықтыру қажет («Қазақст. әйелдері»). // Сауық, серуен құруга арналған. Қала құрылысындағы сауықтыру және сәулеттік ансамбльдердің жымдаса қалыптасуында бақтар мен саяжайлардың рөлі ерекше («Парасат»). 2. а у ы с. к і т. Жақсарту, қалпына келтіру, абаттандыру. Денсаулық саласын сауықтыруға қомақты үлесін қосып келе жатқан аудан әкімінің айтуынша, заңды түрде «Дихан-көл қымызы» дейтін тауар белгісін қойып, аудан, облыс орталықтарынан сауда нүктелерін ашу ойластырылып жатыр екен («Жас Алаш»). Қайта құрылымдау кезінде: қалалардың аумағындағы ғимараттарды инсоляциялау және желдетуді сатылап жақсарту әдісімен сауықтыру; магистралдар мен көшелерді жөндеу арқылы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылады («Парасат»).