lat: SAǴAN
зат.жерг.1. Темір табақ.
Сен сағанды қайда қойдың? (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
2. Қымыз құйған ыдыс.
Күлай, айранды сағанға құй. Саған сүт пісіруге жақсы да (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
Жалма-жан беті бүркеулі тұрған сағаннан бір аяқ қымыз құйып берді (Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл.).