lat: SAǴYZ
зат.1.үс. Түбінде сағызы бар, биіктігі 20–30 см-дей үлкен болып сирек өсетін өсімдік түрі.
Сағыздың жапырағы уақ, қоқырайып қаңбақ тәрізді болады. Сағызды қой жақсы жейді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
Қайтып оралсам, біздің үйде жалмаңдап сағыз шайнап бір бұйра бас бала отыр (Ү.Уайдин, Ендігісін.).
2. биол. <лат. chondrilla> Қылқан жапырақты (қарағай, шырша ағаштардың діндерінен зақымданғанда ағатын шайыр зат (терпентин).
Сағыздың құрамында 40–60% шайыр қышқылы, 25–35% монотерпендер, 5–20% дитерпендер бар. Сағыз ауада қоюланып қатып, ағаш сүрегін зиянды қабықжегі қоңыздары мен зақымдайтын саңырауқұлақтардан қорғайды. Сағыздан канифоль, скипидар алады (Қаз. тілі термин. Биология).
Ол жотадан жота шығып, қияға өрмелеп, қарағайдың сағызын жинайтын (Ш.Құмарова, Қазбауыр.).