СА /263/

lat: SA /263/

есім. «Саған» сөзінің түпкі түбірі (Барыс жалғаулы «сен» сөзінің көне тұлғасы).

Сәлем саған, қара көз,

Сен бір алтын, мен бір жез.

Қайрылмасаң өзің біл,

Қасіреттен шыққан сөз (1,55).

Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай!

Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.

Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің,

Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай! (1,212).