lat: SABAÝ
зат.этн. Жүннің ұйысқанын жазып, қопсыту, тазарту үшін қолданылатын, қабығы алынған кептірілген жіңішке талшыбық, жүн сабайтын құрал.
Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым-шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді (ҚҰЭ).
Ауылдың қатындары қолдарында қос сабауы, емпеңдей басып барып ақ үйге кіріп жатыр (Б.Майлин, Шығ.).
Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді- ақ,
Қолында бір сабау бар о дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ (Абай, Тол. жин.).
Сабауға ұзындығы 120–130 см, диаметрі 1,5–2 см түзу шыбықтар таңдап алынады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
// Жіңішке, сидиған.
Түнде жүрген жалғыз-жарым машинаның алдын кес- кестеп сабау құйрық қосаяқтар жүгіретін (С.Мәуленов, Жер нәрі).
Таңғы аяздан сұрғылт тартқан мылтық найзалары колонна үстіне тал шыбықтың иін тіресе өскен сабау бұтақтары тәрізді (Б.Момышұлы, Москва.).
Осы сөзді кім айтты екен деп артымызға жалт қарағанда, сабау мұрт, ажарлы осы бір ақсақалды көрген едік (К.Қазыбаев, Дәуір.).