lat: SABA
зат. этн. 1. Қымыз ашыту үшін, жүні қырылып, ысқа салынған жылқы терісінен жасалған ыдыс.
Осы үй. Осы жатқан тау аңғары,
Қойлар да күйістерін тамамдады.
– Жыл келді ғой ішейік әкел, кемпір,
Қысырдың қымызынан сабаңдағы (1,310).
Гармоньның қатпарындай қырқалары,
Бір созылып, біресе қымтанады.
Түн. Жайлау. Төмен сайдан, тау өзені,
Сабадағы қымыздай бұрқанады (2,289).
2. ауыс. Бір нәрсенің жалпы аясы, арнасы.
Шалкөде екі таудың арасында,
Екі өзен тулап жатыр сабасында.
Жалғанда гүл біткеннің бәрі осында,
Жалғанда шөп біткеннің бәрі осында,
Адамға шипа болар дәрі осында (1,271).