lat: SABA
ет. 1.Ашуланған адамның малды бір нәрсемен (қамшымен, таяқпен т.б.) әлденеше рет ұруы; соққылау.
Жетіп келді желдіртіп күреңімен,
Ашу буы атып тұр реңінен.
Сақалдан ап серкені сабап жатқан,
Шопанның ұстай алды білегінен (1,293).
Сабай берме тайыңды, қарақасқа,
Мерт боларсың мына бір жағаласта.
Алды-артың алай-түлей шақ адаспа,
«Абай бол» деп бітеді сана басқа (1,152).
2. ауыс. Желдің, жауын-шашынның адам бетіне соқтығуы; төпелеу.
Саршұнақ аяз.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға шықсаң,
Сам ауған жаққа бет бұрып.
Сардала жатса ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса келіп үскірік-тікен бетке ұрып (2,35).
Айналаны өртеген селт етпеген жалынға,
Ғарасат отын сөндіре алмай сабап жатыр жауын да,
Тұнжырап жатқан ұп-ұзын мынауың кім тағы да? (5,66).