lat: SABA
зат.этн.көне. Бір нәрсені қаптауға арналған қап, қапшық, аяқкиім т.б. жасау үшін пайдаланылатын аң немесе мал терісі.
Алыс жолға жүрерде түйенің табаны жұқарып тимес үшін, ескі сабадан шөрке істеліп, аяғына кигізілген түйені табанды түйе дейді (Ж.Жанәбілев, Қаз. мал атау).
Бес биенің сабасындай. Етек-жеңі кең, денесі үлкен (әйел). Шешесі Биқасап – Күрдебайдың бәйбішесі. Бес биенің сабасындай тұлға бейнесінде өзгеше адам (Б.Майлин, Шығ.).
Бес биенің сабасындай сары қатын өне бойы іркілдеп, мезгілді уақытында есігінің алдына шығады да, Арынды күтеді (З.Ақышев, Ақбел.).
Төртеуі де бес биенің сабасындай ірк-ірк еткен семіз кісі (Ж.Мусин, Қаз. тілі антоним. сөздігі).